Ұлттық кеңес жүктеген міндеттер талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық кеңес жүктеген міндеттер талқыланды

14.10.2019

Ұлттық кеңестің отырысында айтылған ұсыныстар жерде қалмай іске асып жатыр. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен кездескен Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова осылай деді. 

Мәдениет, өнер, туризм, тіл саясатының дамуы бойынша қатысты сауалдар сараланды. Қазіргі таңда қазақ қоғамын алаңдатып отырған - мемлекеттік тіл мәселесі екені даусыз. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесі Қазыбек Иса: «Мемлекеттік қызметке өтініш берген талапкер ұлт тілінде сөйлеуі керек», - деді. Жиын барысында тəуелсіздік жылдары оралған қандастарымыздың, əсіресе, жастардың өмірін арқау еткен қысқаметражды кино түсірілсе деген ұсыныс айтылды. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу