Ақпарат құралдарындағы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру керек. Себебі журналистер терминдердің сәтсіз баламаларын оңды-солды қолданып жүр. Бұл туралы бүгін «БАҚ кеңістігіндегі терминдер» атты онлайн-семинарда айтылды. Ақпарат құралдарында жиі қолданылатын осымен тәмәм, өкінішке орай, орын алды, жұмыс жасау, бірнеше адам құрықталды тіркестерінен құтылу керек. Себебі қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуінде БАҚ-тың рөлі ерекше. Бүгінгі таңда термин сөздерді дұрыс қолдану да маңызды. Балконды қылтима деу, халықаралық термин «планета» сөзін қосарлап «ғалам+шар» деп жазу орынсыз. Ал орыс тілінен тікелей аударып, орысша интонациямен сөйлеу тіл нормасын бұзады дейді семинарға жиналғандар.
Сая Итеғұлова, Қолданбалы лингвистика басқармасының басшысы:
Көпшілік жас журналистер орыс тіліндегі құрылыммен сөйлейді. Орысша интонациямен сөйлеу бар.
Қайнар Олжай, «Qazaqstan» ұлттық арнасының бас редакторы:
Бұған дейінгі рухани құндылықтарды қорғап қаламыз десек тәуелсіздікке дейінгі, тіпті жиырмасыншы ғасырға дейінгі терминдерге тиіспеуіміз керек. Олар сол қалпында қалу керек.
Саламат ОМАШ