Шаханда ЖЭО құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаханда ЖЭО құрылысы басталды

25.09.2019

Қарағанды облысындағы Шахан кентінде шағын жылу энергия орталығының құрылысы басталды. Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын мұнда қазандық жарылып, 9 адамның өмірі қиылған еді. Қайғылы оқиғадан соң, жертөледегі қазандықтар жаппай сыртқа шығарылады. Енді елді-мекендегі 100 көпқабатты үй мен әлеуметтік нысандар және 500 жекеменшік үй орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылатын болды. Қазір нысанның іргетасы қаланып жатыр. Әрқайсы 10 гигакалория жылу беретін үш бірдей қазандық қойылмақ. Сондай-ақ құбырлар тартылады. Жоба құны 2 миллиард теңге, оны екі жылда іске қосу жоспарланып отыр.  

Думан Аманжолов, құрылыс компаниясының директоры:

Үш котел болады. Оларды Ресейдің Барнауыл қаласынан жеткіземіз. Алдағы айдың ортасында барып, қазандықтарды өзіміз көріп, келісім-шартқа отыру жоспарлануда.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу