Еуразия парламент спикерлерінің отырысына келген шетелдік қонақтар Қазақстанның даму қарқынына жоғары баға берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразия парламент спикерлерінің отырысына келген шетелдік қонақтар Қазақстанның даму қарқынына жоғары баға берді

24.09.2019

Кеңеске қатысқан өкілдердің барлығы жиынның ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады. Қазақстан ынтымақ пен бірлікті, татулық пен тыныштықты насихаттайтын бірден бір мемлекет. «Таяу шығыстағы текетіресті тоқтатуға бағытталған Астана процессі, Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі және өзге де жаһандық жиындар осының дәлелі»,- дейді Еразия елдері парламенттерінің спикерлері.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Бүгінгі жиынға 60 ел парламенттерінң спикерлері 15 халықаралық ұйымның өкілдері жиналды. Ал қазақстанның Елордасында өтіп жатқан биылғы жиынның басты ерекшелігі мұнда тек Еуразияның ғана емес әлемнің өзге континенттерінен де өкілдер жиналды. Яғни жаһан жұртқа қазақ елін ынтымақ пен бірліктің, бейбіт келісімнің орнайтын мекені деп таныды деген сөз.

Қазақстан атом қаруынан бас тартқан алғашқы мемлекет. Сол сәттен бастап, бейбітшілік пен тұрақтылық үшін барын беруге дайын екендігін көрсетті. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 30 жылдан бері осы бағытта еңбек етті. Бүгін соның нәтижесін көріп отырмыз», - деді Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының спикері.

Мұстафа Шентоп, Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының спикері:

Нұрсұлтан Назарбаевты біз білікті саясаткер, мықты көшбасшы ретінде танимыз. Оның барлық бастамасы мемлекетаралық байланысқа, қарапайым халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған. Бүгінгі кеңесте сөз сөйлеуінің өзі жиын жаһандағы бірқатар проблеманы шешуге ықпал етеді деген сөз.

Әлемдік саяси аренада салмағы басым тұлғалар да осы жолғы жиынның Қазақ жерінде өтуін жақсылыққа жорыды. «Сондай-ақ, Қазақстанның саяси ұстанымы әлемдік дәрежеде абыройының артуына алып келді», - дейді олар. 

Ласло Кевер, Венгрия Парламентінің спикері:

Әр елдің өз даму жолы бар. Оған халық саны, географиялық орналасауы, қазба байлықтары және тағы да басқалары әсер етеді. Осының бәріне қарамастан Қазақстан өзгелерге үлгі боларлық жолды таңдады. Кеңес кезінде біз маңызды мәселелерді талқылап қана қоймай, сіздердің елдеріңіздің жұмыс істеу принципін түсінуге тырысамыз.

Деметрис Суллурис, Кипр Республикасы палатасының спикері:

Қазақстан әлем елдерін жақындастыру үшін өте ауқымды жұмыстар атқарып жатыр және барлық бастамалары тиісінше жұмыс істеп жатыр. Бұл Елбасыларыңыздың 30 жыл бойы жасаған тынымсыз еңбегінің және сол саясаттың бүгін жалғасуының арқасы деп ойлаймын.

Еуразиялық парламент спикерлері қонақжай қазақ елінің мамыражай тіршілігіне де баға берді. Ынтымақ пен татулық орнаған мекенде елдерді жақындастыру туралы өткен жиынның нәтижелі болуы заңдылық деп түсіндірді олар.

Мұхаммед Риза Маджиди, Азия Парламент Ассамлеясының Бас хатшысы:

Қазақстан бейбіт, бар салада ынтымақтасуға дайын, қонақжай ел. Сондықтан мұндағы барлық келіссөздер нәтижелі аяқталады. Мен қазақ жеріне болашақта жұмыспен ғана емес, турист ретінде қыдырып келуді де жоспарлап отырмын.

Осылайша әр қатысушы қазақ жерінде алғаш рет өткен, ауқымды кеңесті жоғары бағалады. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу