Оқушы қыз әлем лидерлерін қатаң сынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушы қыз әлем лидерлерін қатаң сынады

24.09.2019

Швециялық 16-жастағы оқушы Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен әлем лидерлеріне деген өкіпесін ашына отырып жеткізді. Грета Турнберг ғаламдық климаттың мөлшерден тыс жылынуымен күресін өз елінің парламенті жанында бастаған. Ал, жақында ол Атлантика арқылы қайықпен АҚШ-қа жетіп, ауаның ластануына қарсы дүниежүзілік акция бастады. Бұл шеруге жер шарының 150-ден астам мемлекетінің жастары қатысты. Осындай күрескерлігі үшін Турнберг қазір Нобель сыйлығына ұсынылып отыр. Айтуынша, бүгінгі мемлекет басшыларының сөзі мен ісі бір-біріне сәйкес келмейді.

Грета Тунберг, Швециялық климат белсендісі:

Сіздер бос уәделеріңізбен менің арманым мен балалық шағымды ұрладыңыздар. Мүмкін жолы болған жан шығармын. Алайда, күйреген экожүйеден әлемде қаншама адам жапа шегіп, қаншасы қайтыс болды. Біз жаппай қырылу алдында тұрмыз. Ал, сіздер үнемі ақша мен экономикалық өсім туралы ертегі айтасыздар. Неткен арсыз едіңіздер?

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу