Ақтөбедегі оқушы өліміне қыз себепші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі оқушы өліміне қыз себепші

13.11.2019

Ақтөбеде пышақ жарақатынан көз жұмған жасөспірімнің өліміне оқушы қыз себепкер болған. Бұл жөнінде бүгін Облыстық полиция департаментінің басшылығы мәлімдеді.

Номері 61-інші мектептің 9-шы сыныбында оқитын қыз бала сыныптасымен сөзге келіп қалып, таныстарына шағымданады. Салдарынан, Заречный-3 ауылында екі жақтан 20-дан астам бала жиналып, мәселені шешпек болған. Қыздың сөзін сөйлеп, 17 жастағы колледж студенті үш балаға пышақ сілтейді. Полицейлер оқиғаның мұнымен бітпегенін айтады. Өлім аузында жатқан Мадияр Исмағұловты достары өз беттерінше ауруханаға жеткізбекші болған. Ол үшін біреуі үйінен әкесінің көлігін ұрлап алып шыққан. Жараланған оқушы ауруханаға жетем дегенше көп қан жоғалтып, қайтыс болды. Ал жараланған басқа екі оқушы аман, оларға медициналық көмек көрсетілген.

Жақсыбек КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу