«Алматы-Түркістан» веломарафоны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алматы-Түркістан» веломарафоны басталды

23.09.2019

Алматылық көзі нашар көретін веломарафоншылар Түркістан қаласына аттанды. Зағип жандарды қолдауға арналған шара «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» бағдарламасының аясында ұйымдастырылды.

«Шекарасыз спорт» жобасының қатысушылары бұл жолы Алматыдан Түркістанға дейінгі 1000 шақырым қашықтықты Ұлы Жібек жолы бойымен 9 күнде жүріп өтпек. Сапар барысында туристік орындарға тоқтап, жол бойы мүмкіндігі шектеулі жандар мен жергілікті билік өкілдері және қоғам қайраткерлерімен кездеседі. Марафоншылардың арасында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, жүзуден ел тарихындағы тұңғыш Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина да бар. 

Асқар Әбубәкіров, ұйымдастырушы:

Біз былтыр ғана Астана-Париж үлкен марафон ұйымдастырғанбыз халықаралық деңгейде. Енді биыл бүгін біз үлкен осы Алматы қаласынан Республикалық «Алматы-Түркістан» деген веломарафонды бастамақшымыз. 30-ға жуық біздің осы мықты-мықты азаматтар ниет білдірген. Өзінің велосипедтерімен.

Аманкелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу