Алматы облысында үшінші жыл қатарынан «Рухани керуен» елді-мекендерді аралап жүр. Басты мақсат: қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті мен өнері арқылы тұрғындардың діни сауаттылығын жақсарту. Кері пиғылды ағымдардың жетегінен сақтап қалу. Теологтар мен Жетісудың танымал тұлғаларынан құрылған топ биыл шекаралы аймақтағы ауылдарға барып, ән-күйін орындай отырып, диструктивті діни ағымдардың қоғамға зиянды тұстарын әңгімелеп, қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды. Дәстүрлі діннің, имандылықтың негіздерін түсіндіріп, халыққа бағыт-бағдар берді. Шалғайдағы ағайынмен кездесу үшін керуен 17 аудан мен үш қалаға баруды жоспарлап отыр.
Айгүл Манапқызы, дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы директорының орынбасары:
Диструктивті діни ағымдардың зардабына ұшыраған азаматтармен оңалту жұмыстары. Екпе мен қан құюдан діни себептермен бас тартқан адамдармен жұмыс жүргіздік. Және де осы қазіргі кезде өте көп қарастырылып жатқан мектепке хиджаб кию мәселесі бойынша осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырдық.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ