Бала тәрбиесі - басты назарда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала тәрбиесі - басты назарда

15.09.2019

«...Зығырданым қайнап кеткені соншалық, орнымнан ұшып түрегелдім де, Жантасты иығынан ұстап, жалт бұрып, «жұмсақ жеріне» әдемілеп бір тептім.

Қойсаңшы, еркек болғаны құрсын да Жантастың. Маған біреу әлгіндей істесе, әлім келсін-келмесін, сол арада қолында өлем...Бірақ Жантас өйтпеді, сазарып үндемей қалды. Бар тіс жарып айтқаны:

— Мен ойнап айтсам... — дейді». Бұл повестен үзінді.

Ал киносында «Майқанова апайға айтамын» дейтін Жантас пен тентек Қожа образдарына ұқсайтын балалар қазір бар ма?.. Төбелесіп, төбелескенде де бір-бірін өлтіруге дейін баратын оқушылар туралы көп естиміз.

Әнебір жылдары мысалы, Тараздағы мектеп оқушыларының жұмсартып айтқанда, «қылықтары мен дәстүрлері» жайлы төбе шаш тік тұратын әңгімелер айтылатын. Кейін бұл жабайылық басылғандай болған.

Биыл Ақтөбедегі, Түркістандағы, осы аптада Шымкенттегі оқушылар төбелесі...бір ғана жауабы жоқ, ал бір тармағы - бұқаралық спорттың жоқтығына барып тіреледі.


Хабарламаларға жазылу