Кадрлық резервке қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кадрлық резервке қабылдау басталды

12.09.2019

Қазақстан Республикасы Прездиенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен президенттік жастар кадрлық резервіне өтінімдер қабылдау Алматы облысында қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда 3 мыңға жуық азамат арнайы сайтқа тіркеліп, 216 адам құжаттарын өткізіп қойған. Прездиенттік жастар кадрлық резервін қалыптастырудың мақсаты мен бағыттарын мемлекеттік қызметшілер мен жастарға түсіндіру мақсатында ақпараттық топ құрылып, өңірді аралауға кірісті. Жалпы Жетісу өңірінде 7500 мемлекеттік қызметші жұмыс істеп жатса, олардың 40 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар. Жастар кадр резерві қызметтік өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқару біліктіліктерінің жоғары деңгейіне ие, өзін-өзі кәсіби дамытуға, оқып-үйренуге бейім, сараптамалық ақыл-қабілеті айқын көрінетін көшбасшылық сипатқа ие жастарға арналған.

Серікбай Нұрғисаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігнің алматы облысы бойынша департамент басшысы:

Президенттің жастар резервіне кіргеннен кейін оларға беретін қызмет өте жоғары деңгейдегі қызметтер. Ол министрлер, орынбасарлары, облыс әкімдері, орынбасарлары, аудан әкімдері. Әрине қызықтырады. Сондықтан да осыны Алматы облысында 35 жасқа толмаған жастардың да соның ішінде болсын деген ниетіміз бар. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу