Табысын жасырып, мемлекет тарапынан шын мұқтаж жандарға берілетін әлеуметтік жәрдемақыға жармасқандар енді алған ақшаны бюджетке өз еріктерімен қайтаруға міндетті. Бұған келіспеген жағдайда іс сотта қаралады. Құзырлы органдар кәсіпкерлікпен айналысатын, жалақысы жақсы жерде жұмыс істейтін және басқа да кіріс көзі бар адамдарды анықтаған. Атаулы әлеуметтік көмекке ие болу үшін жұмыстан шығып кетіп, қорадағы малын жасырған тұрғындар да аз емес. Жалпы, Шығыс Қазақстанда биылғы жылдың сәуір айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек 18 мыңға жуық отбасыға тағайындалды.Қаржылай көмектің нақты мұқтаж отбасыларға берілуін әрбір қала мен ауданда құрылған арнайы комиссия қадағалайды.
Бұлбұл Құсманова, облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бас маманы:
Бүгінгі таңда 145 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек беруді тоқтаттық. Өйткені, жылдың бірінші тоқсанында оларға 10 пайыз міндетті зейнетақы жарна аударылған. Ал сәуір айында құжат тапсырғанда бұл табыстары көрінбеді. Кейін бәрін тексеріп, бұл отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек берілмейтіні анықталды. Ал бұған дейін алған ақшаны олар қайтару керек.
Берік КӨШЕРБАЙ