Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Львов облысындағы «Степная» шахтасында жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, қолдау білдірді.