Шымкентте 28 мың азамат емдеу орындарының тіркеуіне алынбаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 28 мың азамат емдеу орындарының тіркеуіне алынбаған

09.09.2019

Соның салдарынан бұл тұрғындар ауыра қалған жағдайда жоспарлы медициналық көмектен қағылғалы отыр. Бұл жағдай азаматтардың электронды денсаулық құжатын жасау барысында белгілі болып отыр. 

Оның басты себебі - сыртқы және ішкі миграция. Өзге елден немесе басқа қаладан қоныс аударған отбасылар емханаға тіркелуге асықпайды. Сол үшін қазір медицина қызметкерлері әрбір үйді аралап, түсіндіру жұмысын жүргізуде. Нәтижесінде бүгінгі таңда Шымкент қаласы денсаулық сақтау саласындағы 36 мемлекеттік және 99 жекеменшік мекеме міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне көшуге әзір. 

Келер жылдан бастап 3150 дәрігер мен 8 мыңнан астам медбикенің сақтандыру қорына жұмыс беруші тарапынан жарна аударылатын болды. Тағы бір қиындық, жаңа жүйенің тиімділігіне көп жағдайда шағын кәсіпкерлік өкілдері әлі де болса жіті мән бермей келеді. 

Асқан Байдуалиев, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Біз бұл жұмыста үйлерді аралап, кіріп, сұрап тіркелгені жөнінде анықтап жүрміз. Соның арқасында біз жыл басынан бері 21 мың адамды тркедік. Ал қалған 28 мыңды жыл соңына дейін бітіруіміз керек. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу