Шымкентте мыңнан астам азамат көлік жүргізу куәлігінен айырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте мыңнан астам азамат көлік жүргізу куәлігінен айырылады

07.11.2023

Шымкентте мыңнан астам азамат автокөлік жүргізу куәлігінен айырылады. Бұл туралы қала прокуратурасы мәлімдеді. Тексеру кезінде 1 мың 268 азаматтың денсаулығы автокөлік басқаруға жарамайтынын анықтаған. Бұл топтағылардың дені жүйке ауруына байланысты психобелсенді препараттарды пайдаланатын және арнайы диспансерлік есепте тұратындар. Былтырғы мен биылғы жылды қоса есептегенде олар көлік жүргізу кезінде 1 мың 300 рет жол ережесін бұзып, 28 жол апатына ұрынған.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу