Батыс Қазақстанда айыппұлдарды өндіру бойынша сот орындаушылары ондаған заңбұзушылық жасаған. Мамандардың салғырттығынан борышкерлер мал-мүлкі бола тұра, миллиондаған қарызын өтемеген. Мәселен, 52 млн теңге борышы бола тұра, 3 мыңнан астам азаматтың көлігі айыптұрағына қамалмаған.
Сондай-ақ, қарызын өтемей, шетел асып жүрген борышкерлер де анықталды. Олардың жүріп-тұруына сот орындаушылары тыйым салмапты. Прокурорлық тексерістен соң 23 сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бауыржан Ахметжан, облыс прокурорының аға көмекшісі:
Жеке сот орындаушы Әміреева да екі жыл бойына бір азаматтан 2 млн теңге айыппұлды өндіру өндірісі қозғалыссыз жатқан. Біз тексергенде борышкерде 3 жеке көлігі мен жер учаскесі бар болып шықты. Оларды сатып, тиісті шара қолдануға болар еді. Және 578 тұлға айыппұлдарын төлемей, шетел асып жүрген.
Ардақ Мұратқызы