Атырауда браконьерлердің жолы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда браконьерлердің жолы кесілді

06.09.2019

Атырауда бағалы балық түрлерін заңсыз аулап және тасымалдаған қарақшылардың жолы кесілді. Қолға түскен екі браконьердің моторлы қайығынан "Қызыл кітапқа" енген, ерекше қорғалатын 100-ге жуық бекіре тұқымдас су маржаны тәркіленді.

Барлығы 264 келі бекіре мен 22 келі қара балық, Каспийдың оң жақ жағалауынан ауланған. Күдіктілерді Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары ұстады. Енді оңай олжаға кенелмек болғандар заң алдында жауап бермек. 

Асхат Қалиев,  Теңіз инспекциясы бөлімінің бас маманы:

Екі азамат ұсталған кезде, қайықта бекіре тұқымдас балықтар 92 дана бас құйрығы кесілген, және бастары дара кұйінде. Және екі дана сазан балығы. Тексеру барысында қайықтың ішінен 3 дана ау құралдары анықталды.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу