Cәкен Сейфуллин әндерінің жинағы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cәкен Сейфуллин әндерінің жинағы жарық көрді

05.09.2019

Үнтаспаның авторы - ақынның ұрпағы, өнерпаз Ержан Базарбеков. «Тау ішінде» атты әнжинаққа барлығы 17 ән кірген. Мұндай шара Сәкен Сейфулиннің 125 жылдық мерейтойы алдында қолға алынып отыр. 

Сонымен қатар, әндер топтамасы жазушының туған жері Жаңаарқаның 90 жылдығы қарсаңында шықты. Үнтаспаның жарыққа шығуына Сәкен Сейфуллинның ұрпақтары демеушілік жасаған. Жинақ классикалық әндермен де толықтырылған. 

Жалпы, Сәкен Сейфуллиннің мерейтойы осы айдың 14-іне келіп отыр. Соған орай өңірде ауқымды шаралар ұйымдастыру жоспарланған.

Ержан Базарбеков, әнжинақтың авторы:

Қазақтың санаулы ғана рухани байлығы бар ғой. Соның бірі - тілі болса, бірі - өнері. С.Торайғыров айтпақшы, қазақтың әні кетсе, қазақтың сәні кетеді. Ән - ол қазақтың жаны деген.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу