Елордада замануи ертегілер жинағы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада замануи ертегілер жинағы жарық көрді

21.10.2021

Елордада замануи ертегілер жинағы жарық көрді. Жас оқырмандар үшін жинақтың мобильді қосымшасы да дайындалған. Тағы бір ерекшелігі, әр ертегінің соңында QR-код беріліп, сол арқылы аудио нұсқасын тыңдауға болады. Әрбір туындыда негізінен адами және ұлттық құндылықтар, қоршаған ортаны қорғау маңыздылығы насихатталады. Жинаққа кәсіби жазушылармен қоса, әуесқой авторлардың еңбегі енген. Алдағы уақытта осы ертегілерді шағын мультфильмге айналдыру жоспары да бар.

Айбек Қуатбай,  жоба авторы:
Жалпы мультфильм түсіру үшін Қазақстанда дайын тұрған аниматорлар жоқ. Сондықтан, біз жаңа команданы жасақтап шығарып жатырмыз. 8 адамнан тұратын, жас мамандарды. 8 ай өтті. Алдағы қараша, желтоқсан айларында бірінші командамен шығарсақ деген ой бар.


Хабарламаларға жазылу