Алматыда көз дәрігерлері бас қосып, офтальмологияның маңызды проблемаларын талқылады.
Олардың сөзінше, кейінгі кезде балалардың арасында көз аурулары жиілеп кеткен. Ал ата-аналардың қателігі сәби туғаннан кейін офтальмологқа қаратпайды. Көбісі мектеп жасына дейін жүріп алады. Бүлдіршіндерде көп кездесетін түрі - алыстан көрмеушілік. Оған қоса, теледидар алдында сағаттап отыру, компьютер мен ұялы телефоннан көз алмау да осындай дертке ұшыратады. Десек те, қазір елімізде көз ауруларын диагностикалау әдістері көп. Себебі емдеу тәсілдерін білікті мамандар ұдайы жетілдіріп отырады.
Анна Яковлева, форумға қатысушы:
Бұрын біз халыққа сапалы линзаларды, жақсы көз әйнектерді ұсына алмай, қынжылатын едік. Ал қазір ондай өнімдердің бағасы арзандады. Яғни, оған қол жеткізу жағы жеңілдеді. Біз бұған өте қуаныштымыз. Дегенмен, біз медицина саласында жүргеннен кейін оның жауапкершілігі көп. Сондықтан медициналық тауарларды алғанда өте ұқыпты болуымыз қажет.
Нұрхан Нұрланұлы