Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жоспары әзірленеді. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов осылай деп мәлімдеді.
«Біз Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды іске асыру және орындау бойынша тиісті іс-қимыл жоспарын әзірлейтін боламыз. Президент Жолдауын іске асыруға қажетті қаражат Парламент Мәжілісіне енгізілген үш жылдық бюджет жобасында қарастырылады», - деді Ә.Смайылов.
inform.kz