Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруге 100 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты.
«Жұмыссыздықты азайту және ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру аясында Ұлттық қордан 100 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Мемлекет басшысы бизнесті дамыту үшін бөлінетін бюджет қаражатының жұмсалуын Есеп комитетіне Қаржы министрлігімен бірлесіп ерекше бақылауға алуды тапсырды», - деді бірінші вице-премьер.
Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың соңына дейін ұсақ және шағын бизнес компанияларын олардың табыстарынан 3 жыл мерзімге салық төлеуден босату жөніндегі заңнамалық негіз әзірленеді. 2020 жылдың қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым салу күшіне енеді.