Президент жолдауындағы сандар сөйлейді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда қаржылық қолдау жасалатын бағдарламалар тізбегін Үкіметке тапсырды. Алғашқы тарауындағы заманауи тиімді мемлекет құру турасында 2024 жылға қарай ұлттық компаниялардың мемлекеттік қызметкерлері мен жұмысшылар саны 20% қысқартылатыны айтылды. Үнемделген қаржы нағыз іскерлерді ынталандыруға жұмсалмақ. Сондай-ақ алдағы 3 жылда Ішкі істер министрлігін реформалау үшін 173 миллиард теңге бөлінеді. Бұл – еңбекақыны көтеру, тұрғын үй жалдау және фронт-кеңселер ашуға бағытталып отыр. Еңбек өнімділігінің нақты өсімін де кем дегенде 1,7 есеге арттыру көзделген.
Осы ретте, жаңа «Бизнестің жол картасы» аясында Үкіметке 250 миллиард теңге бөлу тапсырылды. Ал «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру үшін биыл бөлінген 30 миллиард теңге қосымша тағы 90 миллиард теңге қаралды. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын қаржыландыру 20 миллиард теңгеге жеткізілмек.
Бұдан бөлек ерекше күтімді қажет ететін адамдарға теңдей мүмкіндік жасалуы керектігіне мән берілді. Осы бағытқа 3 жылда 58 миллиард теңге бөлу тапсырылды. Мемлекет тегін медициналық көмек көлемін кепілдендіріп отыр. Алдағы 3 жылда осы сала 2,8 триллион теңге қаржыландырылады. Енді өңірлерді дамыту бюджеті 2022 жылы 800 миллиард теңгеден асады.
Нысаналы ЫҒЫЛ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы туристік инновациялары үшін халықаралық марапатқа ие болды
21.10.2025, 10:52

Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің жаршысы
21.10.2025, 10:47
Өзбекстанда келесі жылы халық санағы өтеді
21.10.2025, 10:45
Британияда әскерилер қауіпті дрондарды атып түсіруге рұқсат алуы мүмкін
21.10.2025, 10:44
Драмп: Украина соғыста жеңуі екіталай
21.10.2025, 10:44
БҰҰ: Мыңдаған палестиналыққа шұғыл көмек қажет
21.10.2025, 10:34
Елімізде бизнес идеяға арналған гранттарға өтінім қабылдау басталды
21.10.2025, 10:31
Атырау облысында жаңа ықшам аудандарға инфрақұрылым толық жүргізілмеген
21.10.2025, 10:26