Басты Жаңалықтар БҰҰ: Мыңдаған палестиналыққа шұғыл көмек қажет

БҰҰ: Мыңдаған палестиналыққа шұғыл көмек қажет

Газа секторында ауыр жарақат алған 42 мың палестиналық шұғыл оңалтуды қажет етеді. Анклавтағы үш емдеу мекемесіне барған БҰҰ қызметкерлері осылай деп мәлімдеді. Олардың дерегінше, әр төртінші науқас - бала. Израильдің шабуылдарынан мұнда 170 мыңдай адам жараланған. Бітім жасалғанымен, жабылған ауруханалар әлі ашылған жоқ. Нақтырақ айтсақ, Газа секторындағы 36 аурухананың 14-і ғана жартылай жұмыс істеп тұр. Оңалту орталықтарының 1/3-і ғана қызмет көрсете алады.     



Бөлісу