Теңге қазан айында 0,1 пайызға нығайған. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен онлайн баспасөз мәслихатында Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
Оның айтуынша, ақпан айында енгізілген базалық ставка да айтарлықтай төмендеген. Яғни, басында 17 пайызбен есептелген базалық ставка қазір 12,5 пайызға жеткен. Сондай-ақ, бас банкир алдағы уақытта инфляцияның да төмендейтінін жеткізді.
Амангелді СЕЙІТХАН