Ел бойынша сайлаушылардың 77,0 %-ы бюллетендерін алып, өз таңдауын жасаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел бойынша сайлаушылардың 77,0 %-ы бюллетендерін алып, өз таңдауын жасаған

09.06.2019

Орталық сайлау комиссиясынан дауыс берушілердің белсенділігіне қатысты келіп түскен мәліметтерге тоқталсақ. Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 20:00-гі ақпаратқа сәйкес, ел бойынша сайлаушылардың 77,0 %-ы бюллетендерін алып, өз таңдауын жасаған. Ең белсенді аймақ – Алматы облысы болып, бірінші орында тұр. Мұнда тұрғындардың 89,0%-ы дауыс берген.

Ал тізім соңында Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары.

Ал, елордалықтардың 68,3%-ы дауыс берген.

Саяси додаға қызу кіріскен өңірлердің ішінде екінші орында Түркістан облысы, мұнда халықтың 84,8%-ы азаматтық парызын орындаса, үшінші орында тұрған Ақтөбе облысының көрсеткіші – 84,6%. Сайлаушылардың жалпы саны 11 947 995 құраған.

 

Хабарламаларға жазылу