Сайлаушы учаскеге мас күйінде келіп, жәшікті тепкен. Бұл туралы орталык сайлау комиссиясында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты. Жалпы елдегі сайлау барысы қалай өтіп жатыр?! Дәл қазір соңғы ақпараттармен тілшіміз Әсима Нұрбайқызы бөліседі.
Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер минситрінің бірінші орынбасары:
№42 сайлау учаскесінде таңғы сағат 09:00-де Искаков деген азамат мас күйінде келіп, сайлау жәшігін аяғымен теуіп сындырған. Қазіргі уақытта азамат медициналық мекемеге жеткізілген. Оны әкімшілік жазаға тарту мәселесі қарастырылып жатыр.