Сарапшылар халықтың таңдауына қатысты ойларын жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар халықтың таңдауына қатысты ойларын жеткізді

10.06.2019

Шетелден келген мыңнан астам халықаралық байқаушылар өз жұмыстарын қорытындылап, сайлауға қатысты пікірлерін білдіруде. Сонымен қатар, саясаттанушылар да халықтың таңдауына қатысты оң ойларын жеткізуде.

Сангаджи Тарбаев, халықаралық байқаушы:

Жалпы, сайлауға дайындық өте жоғары болғаны байқалды. Ұйымдастыру жұмыстарын жақсы бағалаймыз. Біз де байқаушы ретінде өзіміздің әрекетімізге үлкен жауапкершілікпен қарадық. Сайлаушылардың көпшілігімен сөйлестім. Байқағаным, адамдардың саяси науқан туралы пікірі жақсы. Мені Қазақстанның Ресейдегі елшілігі байқаушы болуға шақырды. Өзіме тапсырылған міндетті абыроймен атқардым деп санаймын.

Исмет Учма, халықаралық байқаушы:

Байқаушылардың жұмысына ешкім кедергі келтірген жоқ. Сайлау учаскелерінде дауыс берушілер үшін қолайлы жағдай жасалған, қажеттіліктің барлығымен қамтылғанын көрдік. Демократиялық қағидаттар қатаң сақталды. Бұл көптеген елдерге үлгі бола алады.

Айдос Сарым, саясаттанушы:

Тоқаевтың жеңетініне күмәнім болған жоқ. Бір жағынан заңды, бірақ екінші мәселе де бар. Біріншіден, бұл - сайлауды қазақстандық қоғамның мойындауы. Екіншіден, әлемдік қауымдастықтың мойындауы. Осы екеуі тоғысатын болса, болашақтағы үлкен саяси науқандарға жол ашылады.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу