«Аманат» платформасы сайлау кезінде 165 заңбұзушылық фактісін анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аманат» платформасы сайлау кезінде 165 заңбұзушылық фактісін анықтады

10.06.2019

Келеңсіздікке жол бергендерге сол мезетте ескерту жасалған. Бақылаушылардың айтуынша, сайлау бөлімшелерінде бір адам бүкіл отбасы мүшелерінің құжатын әкеліп, дауыс беруге тырысқан. Сондай-ақ, өздері тіркелмеген бөлімшеге дауыс беруге келіп, оған рұқсат бермеген мамандар алдында жанжал шығарған.

Бұған қоса мамандар әлеуметтік желіде тарап жатқан түрлі видеолардың шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Себебі онда не қаланың аты, не сайлау бөлімшесінің нөмірі айтылмайды. Олар сайлауға дейін әдейі түсірілген де болуы мүмкін.

Сайлауды «Аманат»-тың 11 мыңнан астам өкілі бақылады. Қазір олар дауыс санауға да қатысып жатыр. Заңбұзушылықтардың нақты есебін ертең береді.

Әкім Тұрсын, «Аманат» азаматтық платформасының мүшесі:

- Заңбұзушылық бақылаушылардың тарапынан да болды. Олар өзінің атын шығару үшін, имиджі үшін бейнежазбаларға түсіріп, сайлау процесіне кедергі келтірді.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу