«Аманат» азаматтық платформасы сайлау кезінде 165 заң бұзушылықтың алдын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аманат» азаматтық платформасы сайлау кезінде 165 заң бұзушылықтың алдын алды

10.06.2019

Мамандар сол мезетте сайлау бөлімшелеріндегі азаматтарға ауызша ескерту жасады.

18 өрескел заң бұзушылық бойынша акт толтырылды. Оның сегізі - жәшікке бюллетеньдерді топтап салу. Мұндай жағдайлар Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында тіркелген. Мұнан бөлек кабинаға бірнеше адамның кіріп кетуі, жеке құжатсыз бюллетень беруді талап ету сынды майда-шүйде келеңсіздіктер болған. Бұл - халықтың құқықтық сауатының, сайлау туралы заңды білмейтінін көрсетеді,- дейді мамандар. Ал топтап бюллетень салғандарға қатысты шешімді сайлау комиссияларының кеңес мүшелері шығарады.

Мұсағали Дуамбеков, «Аманат» азаматтық платформасының мүшесі:

Бюллетень салынған жағдайда сайлау комиссиялары өздері келісіп, бақылаушылардың бақылауымен шешім қабылдау керек. Мүмкін, сайлау комиссиясының жұмысын жоққа шығарамыз ба, олар территориалдық комиссияғы хабар беру керек.  Бізде осындай жағдай болды. «Бөлімшеден нәтиже жоқ» деген ұсыныспен шығу керек. Ол заңның талабы қатты. Ол бойынша 4 мың МРП айыппұл немесе бас бостандығынан айырылады.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу