Exit poll нәтижесі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Exit poll нәтижесі шықты

10.06.2019

Сайлаушылардың қай кандидатқа дауыс бергенін арнайы сауалнама арқылы анықтайтын Еxit poll-дың алдын ала нәтижелерімен бөліссек. Сауалнама республика бойынша 325 сайлау учаскесінде жүргізілген. Барлығы 13 200 сайлаушы қамтылды.

Сонымен, Еxit poll-дың алғашқы нәтижелері бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13 пайызбен алғашқы орында тұр. Ал Әміржан Қосановқа дауыс берушілер көрсеткіші 16 пайызға жетеғабыл. Дәния Еспаева 5,32 пайыз дауыс жинады. Жамбыл Ахметбековте - 4 пайыз. Төлеутай Рақымбековті қолдаушылар 3 пайыздан сәл асса, Амангелді Таспихов 2 пайыздай, ал Сәдібек Түгел 1 пайыз да дауыс жинай алмаған.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу