Exit poll нәтижесі шықты: Мәжіліске қанша партия өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Exit poll нәтижесі шықты: Мәжіліске қанша партия өтті

11.01.2021

Сайлау аяқталысымен Еxit poll саяси науқанның алдын ала нәтижесін жариялады. Мәселен, «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институтының мәліметі бойынша олар жүргізген сауалнама 600 учаскеде өткен. Оған 24 мың сайлаушы қатысқан.

Сонымен қатар, «Демократия инстутының» интервьюерлері 500 сайлау учаскесінде Еxit poll жүргізген. 20 мың адамнан сауалнама алынған. Олар жүргізген Еxit poll қорытындысы мынадай: 

Қазақстанның Халық партиясы - 9,54 пайыз;

«Nur Otan» партиясы – 72 пайыз;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 4,93 пайыз; 

«Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,2 пайыз; 

«ADAL» саяси партиясы – 3,25 пайыз.

Сондай-ақ, «Астана зерттеу» қоғамдық қоры да өз нәтижелерін жариялады. Олар барлығы 170 сайлау учаскесінде болған. Жүргізген сауалнамаға барлығы 34 мың адам қатысқан. Оның нәтижелері мынадай: 

Қазақстанның Халық партиясы - 8,17 пайыз;

«Nur Otan» партиясы – 73,75 пайыз;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 4,8 пайыз; 

«Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,13 пайыз;

«ADAL» саяси партиясы – 3,15 пайыз.

Хабарламаларға жазылу