Елорда әкімі құрылысы кешіктіріліп жатқан мектепті сынға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда әкімі құрылысы кешіктіріліп жатқан мектепті сынға алды

22.08.2019
Елорда әкімі құрылысы кешіктіріліп жатқан мектепті сынға алды

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов А.Иманов пен Е.Брусиловский көшелерінің қиылысындағы мектепке барды. Қазір оқу орнында ішкі әрлеу, батарея орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Кабинеттер мен асханаларға арналған жиһаз, спорт жабдықтары сатып алынды. Сумен жабдықтауға және электр энергиясына қосылуға рұқсат бар. Тек жұмыс қарқыны баяу жүріп жатыр. 

Елорда әкімі Алтай Көлгінов оқу жылының басында мектеп ашылуға дайын болуы керек деп атап өтті. 

«Оқу жылының басталуына 9 күн қалды. Сіздің жұмысыңыз әлі де орындалмаған. Мектеп ауласы абаттандырылмаған, су мен жарық өткізілмеген. Жаңа мектептерді бір жылдан кейін күрделі жөндеу жүргізуге тура келмейтіндей етіп салу керек. Қазіргі таңда ескі мектептер жаңалары сияқты жөндеуді қажет етпейді. Шатырға ерекше көңіл бөліңіз. Жаңбыр маусымы басталады. Оқу орнында балалар өздерін қауіпсіз және жайлы сезінуі тиіс», - деді А. Көлгінов. 

Мектеп жаңа оқу жылы ашылуы тиіс. Мекеме 900 орынға есептелген. Елордада осы оқу жылында 3 жаңа мектеп пен 5 қосымша құрылыс ашылады. 

astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу