Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесуде «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы бойынша жоспарлар баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев Президент пен партияның сайлауалды тұғырнамасының, сондай-ақ съездерде қабылданған шешімдердің сапалы орындалуын қадағалауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ «Nur Otan» фракциясының қалалық мәслихаттағы рөлін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту және «Jas Otan» жастар қанатының белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ