Конституция күніне орай бүгін еліміздің барлық өңірлерінде түрлі салтанатты шаралар ұйымдастырылды. Алматыдағы жиында еліміздің тәуелсіздік жылдарында жүріп өткен жолы жайлы тағылымды-танымдық бейнероликтер көрсетілді. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев алғашқы Ата заң - Алматы қаласында қабылданғандығын айрықша атап өтті. Күн сайын құбылып жатқан қоғамда ел тағдырын шешуде конституция маңызды рөл атқарады. Сондықтан қала басшысы халық болашағының берекесі үшін қабылданған заңды мерейлі мереке ретінде бағалайтындығын айтты.
Бақытжан Сағынтаев, қала әкімі:
ҚР Конституциясының күнімен бәріңізді шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі – Алматыда қабылданған ел конституциясы ең алдымен азаттығымыздың жаршысы. Елдігіміздің мемлекеттігімізді айқындайтын басты құжат – халық билігінің қайнар көзі. 30-тамыз Қазақстан халқы тарихи таңдау жасаған ұлы бетбұрыс күні.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ