«Тіл туралы» Заңға 25 жыл толуына орай гала-концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тіл туралы» Заңға 25 жыл толуына орай гала-концерт өтеді

19.09.2014
«Тіл туралы» Заңға 25 жыл толуына орай  гала-концерт өтеді

Қазақстан халқы тілдерінің ХVІ қалалық фестивалі аясында  ҚР «Тіл туралы» Заңының  қабылданғанына 25 жыл толуына орай, елордада гала-концерт өтеді.

Мерекелік шараға Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры әртістері мен Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Ибрагим Ескендір сынды әншілер қатысады.

Сондай-ақ, концертке зиялы қауым өкілдері, Мәжіліс депутаттары, ұлттық-мәдени орталықтар мен  «Қазақ тілі» қоғамының өкілдері, үкіметтік ұйымдардың басшылары мен  жастар қауымы шақырылған.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу