Ата-бабаның дәстүрлі мұрасын жалғаушы қолөнершіге деген сұраныс артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ата-бабаның дәстүрлі мұрасын жалғаушы қолөнершіге деген сұраныс артып келеді

31.01.2019

Бахытжан Қадыржанұлының жұмысының көбі балғаның көмегімен жүзеге асады. Әр бұйымға ою салу үшін асқан ұқыптылық қажет. Мүлт кетсеңіз ағашты қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Ұста болуға бала кезінен әуес болған шебер әр ағаштың құрылымын жақсы біледі.

Шебердің егіз ұлы да әке жолын қуып келеді. Ұлдары әкесінің қасынан шықпайды. Шебердің әр кеңесін мұқият тыңдап, көкейге тоқып алады.

Қолы ұста адамның қойнында алтын бар. Қолынан іс келетін адамға кәсіп көп. Тек ізденіп, ерінбей еңбек етсе болғаны. Алтын қолды шебердің құнды дүниелері көздің жауын алады. Олар қазақ киіз үйінің ағаш жабдықтары, оюмен көмкерілген қазақи төсек, сандық, ыдыс-аяқтың түр-түрі. Шебердің бұйымдарына тұрақты тапсырыс беретін кәсіпкер Мәлік Шаймарданның айтуынша, оның әрбір дүниесі шеберлікпен жасалған.

Бахытжан бүгінде өз шеберханам болса деп армандайды. Талапты ерге нұр жаусын.

 

Толық нұсқа

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу