Болгарияда қазақ кітаптарына сұраныс артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болгарияда қазақ кітаптарына сұраныс артып келеді

04.04.2019

Ел астанасы Софияның қоғамдық кітапханасына былтыр еліміздің Ұлттық кітапхана ұжымы 200-ден астам кітапты сыйға тартқан болатын. «Қазақстан» бөліміндегі сөрелерге қазақтың тарихынан, салт-дәстүр, әдет-ғұрпынан сыр шертетін құнды еңбектер қойылған.

«Абай жолы», «Көшпенділер» трилогиясы, Ж.Аймауытов, О.Сүлейменов сынды ақын-жазушылардың үздік шығармалары да бар. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев туралы жазылған туындылар мен «Қазақстан-2050» стратегиялық жоспарын да көпшілік осы қазақ бөлімінен таба алады. «Ішкі-сыртқы пішіні көздің жауын алатын қазақ кітаптарына оқырмандардың қызығушылығы басым»,-дейді кітапхана өкілдері.

Светослава Тончева, София қалалық кітапханасының Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі:

- Біздің қалалық кітапхана былтыр қазақтың Ұлттық кітапханасынан керемет сыйлыққа ие болып еді. Биыл елдеріңіздің Болгариядағы дипломатиялық өкілдігі бізге қазақ-болгар сөздігін табыс етті. Өте әдемі, бай кітаптарға оқырмандарымыз қатты қызығады. 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу