Мұхтар Әуезовтың адам мен табиғат арасындағы байланысты суреттейтін белгілі шығармасының бірі – «Көксерек». Қасқыр, адам, табиғат үштігі арқылы өрбитін, сан қырлы шытырман оқиғаларды сипаттайтын туындыны оқырман әлі күнге дейін іздеп оқиды.
«Кітапханада бұл кітап жоғары сұранысқа ие. «Көксерек» шығармасын жас сәбиден ересектерге дейін сүйсініп оқиды. Шығарма мақсаты - табиғатты қорғауға, қастерлеуге, сүюге, патриоттық сезімін оятуға дәріптеу.
Шығарма 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында жарық көрді», дейді кітапхана қызметкері Тоғжан Сембина.
Шығармада бала Құрмаш пен көксерек арасындағы достық, ауыл өмірі мен тыныс-тіршілігі, сатқындық пен қатыгездік секілді ұғымдар асқан шеберлікпен суреттелген. Туынды желісі бойынша 1973 жылы көркем фильм де түсірілді. Ол көрермен сүйіспеншілігіне бөленген кинокартиналар қатарына енген. Жұртшылық оны бірі кітап, бірі көркемфильм арқылы таниды.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.