Өмірқұл Айниязов «Tansholpan»-да қонақта болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өмірқұл Айниязов «Tansholpan»-да қонақта болды

08.01.2019

Жуырда әнші, ҚР Мәдениет қайраткері Өмірқұл Айниязов Өзбекстан елінде біраз елдің басын қосқан жобаға қатысты. «Tansholpan»-ның қонағы болған әнші жобаға қатысты сұрақтарға жауап  беріп, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

Өмірқұл Айниязов:

«Биыл – өзбек пен қазақтың достастық жылы. Өзбек елінің министрлігінен жобаға қатысуға шақырту алдым. Жобаның мақсаты - өзбек ақынының әнін орындау. Ол үшін ақынның әні 7-8 мемлекет тіліне аударылып, біздерге орындау үшін берілді. Жоба біраз уақытты алады. 12 минуттық жоба документалды фильм түрінде шығады. Туынды бірнеше мемлекетте көрсетілмек.

Кездесу барысында концерт қою туралы келісім жасадық. Ташкент қаласында 15-інен кейін жеке концерт береміз. Бұл биылғы жылдың маңызды жобаларының бірі».

Одан басқа өнер иесі жеке өміріндегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Жаңа жылдың алдында қоныс той жасадық. Төрт-бес күн бұрын туған күнім өтті. Ырымдап жаңа жылды жаңа үйде достарыммен өткіздік. Алда жоспар көп. Келешекте бейнебаян түсіріп, ән жазатын ойым бар».

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу