Нәзипа Ыдырысқызы: ҚХА қайырымдылық шараларының мақсаты - адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нәзипа Ыдырысқызы: ҚХА қайырымдылық шараларының мақсаты - адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту

07.01.2019

Бүгін «Таңшолпан» студиясында ҚР Президент әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Нәзипа Ыдырысқызы қонақ болды.

Биыл Ассамблея 2015 жылдан бастау алып келе жатқан қайырымдылық шараларын ерекше форматта, ерекше тақырыпта өткізді. Яғни, қазақтың ұлттық құндылықтарымен байланыстыруды жөн санаған. Осы туралы студия қонағы сұхбат барысында толығырақ айтып берді.   

«Жалпы, қай мемлекет болса да, негізгі өмірлік философиясы – негізгі ұлттың мәдениетіне байланысты. Сондықтан, 2018 жылдың басынан бастап «Қазақтану» атты үлкен жобаны қолға алған болатынбыз. «Қазақтанудың» жалғасы ретінде жылда өткізілетін қайырымдылық шараларды сараптап шығып, әр айға қазақтың ұлттық дәстүріндегі қайырымдылыққа бағытталған шараларды тақырып ретінде алдық. Бұл – ұмытылып бара жатқан дүниелерді халықтың есіне түсіру және жастарға жеткізу болып есептеледі», - деді Нәзипа Ыдырысқызы.   

Сондай-ақ, эфир барысында ҚХА бастамасымен атқарылып жатқан осы шаралардың мақсаты мен 2019 жылғы қайырымдылық шараларының арналған күнтізбесі жайлы сөз қозғалды.

Ол туралы «Осы шараларды өткізудегі басты мақсатымыз - адамдардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту. Себебі, біз жылдамдығы жоғары уақытта өмір сүріп жатырмыз. Сол жылдамдықтың арқасында адамдар бір-біріне назар аударуға уақыт таппай жатады. Келер ұрпақ осыдан қол үзіп кете ме деген қорқыныш бар», - деген пікір білдірді.   

Толық нұсқа

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу