16 желтоқсан күні Астанада кәсіпқой бокстан жекпе-жек өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

16 желтоқсан күні Астанада кәсіпқой бокстан жекпе-жек өтеді

14.12.2018

Ел мақтанышы, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам «Таңшолпанда».

Қанат Ислам:

Қазір ел ішіндемін. Америкадағы үлкен жарақаттан кейін ота жасаттым. Елге келіп емді жалғастырып, жаттығуға кірістім.

Халыққа мерекелік тартуболсын деп, Астана төрінде кәсіпқой бокстан жекпе-жек ұйымдастырып отырмыз. Кешке Канада, Америка елінен боксшы, мықты інілеріміз келеді. Олардың бірі - қасымдағы Елшат Нығметолла. Елшат кәсіпқой бокстан Азия чемпионы. Онымен неге мақтанбасқа?!

Елшат Нығметолла :

Кәсіпқой боксқа келгелі 14 жекпе-жек өткіздім. Қытай, Азия чемпионы атандым. Жақында Қытайдан келдім. Алда Тәуелсіздік күніне жақсы жекпе-жек көрсетемін.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу