«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Жыр жолбарысы» атты қойылымы сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Жыр жолбарысы» атты қойылымы сахналанды

21.11.2018

Құрылғанына 3 жыл толған «Алатау» дәстүрлі өнер театрында тұңғыш рет музыкалық спектакль сахналанды.

«Жыр жолбарысы» атты қойылым 20-шы ғасырда өмір сүрген халық ауыз әдебиетінің алыбы  жыршы, ақын Жамбыл Жабаевтың өмірінің кейбір сәттерін баяндайды.

Жамбыл Жабаев жайлы кинотуынды түсірілгенмен, бұрын-соңды театр сахнасында спектакль сахналанбаған. Драматург Әннас Бағдат 100 жасаған ақынның өмірінің белгілі бір кезеңдері жайлы ұрпақтар мен көзкөргендерден жеткен естеліктерді негізге ала отырып жазыпты.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу