«Алатау» театры Жамбыл Жабаев туралы қойылымды сахналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алатау» театры Жамбыл Жабаев туралы қойылымды сахналады

19.11.2018

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өнегелі өмірі туралы қойылым сахналанды. «Жыр жолбарыс» атты драма жыршының өмір сүрген кезеңдегі тұрмыс-тіршілік тынысына негізделген. Онда Жетісу өңірінің дәстүрлі ән-жырлары сахнада жаңаша сипатпен жаңғырды. Тарихи кейіпкерлердің образы осы заманға сай би үлгілерімен көркемделіп, әрленді. «Сондықтан, шығарма барлық жастағы көрерменге арналған», - дейді өнертанушылар.  

Берік Жүсіп, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры:

ХХ ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы Жамбыл туралы соңғы 30-40 жылда жалпы қойылым жоқ екен. Біз мына фольклор туралы, әдеби үрдістер туралы ХІХ ғасырдағы ауызша тараған халықтың мәдениеті туралы айтатын болсақ, онда міндетті түрде Жамбылды негізгі нысана қылып алуымыз керек. Сондықтан, әуелде театрдың репертуарын таңдағанда мен осы Жамбылға тоқтағам.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу