Күйші, ҚР Мәдениет қайраткері Ержан Әлімбетов Алматы студиясының қонағы болып, өнердегі, өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті.
«24 қараша күні Жамбыл атындағы филармонияда «Елге тағзым» атты шығармашылық күй кешім өтеді. Ондай кештер жиі болып тұрады. Алайда, насихаты аздау болған соң, халық көп естімей қалып жатады.
Кешке ұстаздарым, өнердегі достарым, «Ұлытау», «Тұран» топтары қатысады. Жалпы, дәстүрлі күйлердің барлық түрі қамтылған концерт болғалы тұр.
Домбыра - әлемдік деңгейдегі аспап. Қай елдің халқы болсын, домбыра үнін естігенде, міндетті түрде мойын бұрып, қызығушылық білдіреді», - дейді күйші.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.