Халықаралық байқаулардың жеңімпазы, әнші, композитор Айгүл Әдіханова Алматы студиясының қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.
Айгүл Әдіханова:
Терме, этно-фольк жанры өзіме бұрыннан ұнайды. Репертуарымда жеңіл әндер де бар. Себебі олар да керек екен. Жақында шәкіртіммен орындаған «Арнау» атты жаңа бейнебаяным шықты. Одан басқа «Мен актриса боламын» атты ән жаздым. Ән өзіме ұнады, бірақ сұрау бойынша актриса Қаракөз Тлеубековаға бердім. Қазір сол әнге бейне баян жазу қолға алынды. Келешекте шәкірттеріммен жанды дауыста есеп беру кешін өткізуге ниет бар.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.