Филология ғылымдарының кандидаты, әдебиеттанушы Тоқтар Әлібек Алматы студиясының қонағы болды.
«Қазақстанның сирек қорында шамамен мыңға жуық ақындар туралы ақпарат жатыр. Оқырмандар үшін олар беймәлім. Сондай ақынның бірі - Көдек Байшығанұлы», дейді зерттеуші.
Көдек Байшығанұлы 1888 жылы Райымбек ауданында дүниеге келген. Әкесі Байшыған да, атасы Маралбай да ақын кісілер болған. Шын есімі Әбдірахман. Көдектің анасы ерте қайтыс болып, атасы Маралдың қолында өседі. Ата-әжесі еркелетіп, Көдегім деп атап кеткен.
Ол заман ауыр жылдар еді. Көдек сол кездің қиыншылықтарын көзбен көріп, мойынымен көтерген жан.
Көдектің шығармашылығын бірнешеге кезеңге бөліп қарауға болады. Бастапқы кезең - Қазан төңкерісіне дейін.
1919-20 ж. Көдек Ферғанаға барып, мұсылманша білімін жетілдірген. Ол ақылды, көзі ашық, күрескер ақын, азаттық идеясының жыршысы болған. Біраз шығармаларын сол дәуірдегі дүниелерге арнап жазған. Мысалы, «1916 жыл» атты дастаны.
Екінші кезең – Кеңестік дәуірі. Көдек сол кезеңнің белсендісі болған. Ақынның жырларын кезінде ұлт зиялылары мақалаларына арқау еткен.
Көдек ақынның «Қытайдағы Албанның игі жақсыларын аралағанда айтқаны», «Сасан аулына барғанда», «Кең Текес», «Албан туралы», «Таңжарық ақынға сәдем», «Сыламқожаға» атты өлең-толғаулары кең таралған.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.