Жыр құлагері Ілияс Жансүгіровке - 130 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыр құлагері Ілияс Жансүгіровке - 130 жыл

18.04.2024

Биыл қазақ әдебиетінің классигі, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, публицист Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл. Жыр құлагерінің мерейтойына орай Талдықорғанда «Тау тұлғалы Ілияс» атты республикалық ғылыми- тәжірбиелік конференция өтті. Басқосуда алаш арысының әлі де зерттеуді қажет ететін тұстарының көп екені айтылып, шығармашылығы мен мол мұрасына талдау жасалды.

Ғалымдар Ілияс Жансүгіровтың халқына сіңірген еңбегінің өз уақытында бағаланбай қалғанын, оның Алаш арыстарымен бірге ел тәуелсіздігі үшін күресу жолындағы жанкештілігі өскелең ұрпаққа терең насихатталуы керектігін тілге тиек етті. Шара барысында үш кітап оқырманға жол тартты. Бірі ақынның қазақ және орыс тіліндегі монографиясы болса, екіншісі қаламгердің ұлы Саят Жансүгіровтың естеліктері. Ал үшінші туынды жеке кітапханада табылған «Өтірік өлең» жинағы кириллицадағы нұсқасы.

Мұратбек Иманғазинов, Филология ғылымдарының докторы, профессор:

Музейге жеке бір адамдар тапсырды. Ол енді араб қарпінде жазылған. Сол енді арап қарпінде жазылған дүниені ақсулық бір азамат соны кәдімгі өзіміздің кирил әрпіне ауыстырып, осыны бізге қолымызға тапсырған болатын. Енді соны дайындап, биыл жылы Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына соны шығардық.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу