Бүгін ҚР Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың дүниеге келген күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін ҚР Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың дүниеге келген күні

29.10.2018

Қазақстанның Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев Павлодар облысында дүниеге келген. Әнші, күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған ортасында өскен Мұзафар 5 жасында әріп танып, оқи бастаған. 6-шы сыныпқа келгенде ауыл кітапханасының 15-тен аса кітабін оқып шыққан.

«Бауырсақ» ертегісінен бастап, батырлар жырын, Пушкиннің төрт томдығын тауысқан баланың алғырлығы ауылдастарын таң қалдырған. 8 жасында әкесінен, 13 жасында анасынан айырылған ол жетімдіктің зардабын алғаш рет өлең жолдарымен жеткізген.

ІІ Дүниежүзілік соғыс басталғанда әскер қатарына аттанған бозбала дайындықтан өтіп, Калинин майданына жіберіледі. 1943 жылдың шілдесіне дейін соғыс даласында болған жауынгер танк батареясының командирі болған. Соғыстан соң Мұзафар Әлімбаев Шығыс Германия жерінде әскери қызметке қалдырылып, 1948 жылы елге оралған. Ол шығармашылығын майдан шебінде бастаған ақындардың бірі.

Ақынның туындылары әлемнің 38 тіліне аударылған. Оның балалар әдебиетіне сіңірген еңбегі үлкен. Өзі негізін қалап, 28 жыл басқарған «Балдырған» журналы талай ұрпақты тәрбиеледі.

Бала психологиясын зерттеген ақын 64 кітаптың авторы. Қаламгер мақал-мәтелдерді жинап, зерттеумен қатар, өзге халықтың нақыл сөздерін аударды.

 

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу