Бүгін - Қазақстанның Халық жазушысы Тахауи Ахтановтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Қазақстанның Халық жазушысы Тахауи Ахтановтың туған күні

25.10.2016
Бүгін - Қазақстанның Халық жазушысы Тахауи Ахтановтың туған күні

25 қазан, сейсенбі, 2016 жыл

Әйелдердің бейбітшілік үшін күресінің халықаралық күні

Халықаралық әйелдердің демократиялық федерациясы шешімімен қарусыздану апталығы (қазанның 24-31-і) шеңберінде 1980 жылдан бастап атап өткізіледі.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

44 жыл бұрын (1972) Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің № 512 қаулысы негізінде Талдықорған педагогикалық институты құрылды. 

22 жыл бұрын (1994) Қазақстанда үнді әдебиетінің күндері өтті.

19 жыл бұрын (1997) Алматыда Кеңес Одағының Батырлары Ә.Молдағұлова мен М.Мәметоваға ескерткіш ашылды.

16 жыл бұрын (2000) Астанада Президенттік мәдениет орталығы ашылды.

11 жыл бұрын (2005) «Қазақ» теплоходы суға жіберілді. Кеменің құны 9 миллион долларды құрайды. Кеме жалпы, орман, бидай және ірі аумақтық жүктерді сонымен қатар халықаралық стандартқа сай контейнерлерді тасымалдауға арналған.

3 жыл бұрын (2013) Таразда қазақ тарихының белді тұлғаларының бірі - Төле бидің 350 жылдығына орай ескерткіш қойылды.

 

ЕСІМДЕР

93 жыл бұрын (1923-1994) Қазақстанның Халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Тахауи АХТАНОВ дүниеге келді.

з\

57 жыл бұрын (1959) бокстан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ туризм және спорт академиясының құрметті профессоры Серік Керімбекұлы ҚОНАҚБАЕВ  дүниеге келді.

ъ

91 жыл бұрын (1925-2000) жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Нияз  СЫЗДЫҚОВ дүниеге келді.

пат

86 жыл бұрын (1930-1984) киносценарист, жазушы, аудармашы Нәсіреддин СЕРӘЛИЕВ дүниеге келді.

прь

85 жыл бұрын (1931-1969) волейболшы, спорт шебері, Қазақстанның және КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Қыдырбайұлы ЖАРЫЛҒАПОВ  дүниеге келді.

х

85 жыл бұрын (1931-1979) балалар ақыны, аудармашы Әнуарбек  ДҮЙСЕНБИЕВ дүниеге келді.

пьр

178 жыл бұрын (1838-1875) француз композиторы Жорж БИЗЕ (Александр Сезар Леопольд Бизе) дүниеге келді.

135  жыл бұрын (1881-1973) француз суретшісі Пабло ПИКАССО дүниеге келді.

хъ

Хабарламаларға жазылу