Бүгін – жазушы Марфуға Бектемірованың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – жазушы Марфуға Бектемірованың туған күні

26.09.2018

Жазушы-ақын Есенгелді Сүйінов «Таңшолпанның» төрінде қонақ болды. Бүгін қазақтың мақтанышы, жауһар жырлардың авторы, Есенгелді Сүйіновтің жұбайы Марфуға Бектемірованың туған күні. 

«Жазушы үнемі ізденіс үстінде болады. Қазіргі уақытта алтыншы кітабымды дайындап жатырмын.  Өлеңдер жинағы келесі жылы оқырмандардың қолына тиеді.

Марфуғаның мен үшін орны бөлек. Ол тек менің жарым емес, ол халықтың мақтанышына айналған аяулы қызы. Өкінішке орай өмірден ерте кетіп қалды. Егер тірі болса бүгінде 60 жылдығын тойлар едік.

Марфуға демі біткенше өлең жазып, қолынан қалам тастаған емес. Қазақ және орыс тілдеріндегі оншақты кітаптардың авторы. Атақты Анна Ахматованың өлеңдерін аударған. Алғашқы «Аққуым менің, қайдасың?» әнін 14 жасында жазған. Кейін Алматыда танымал композитор ән жазып, қазір ел ауызында айтылып жүр.

Айта берсем жетістіктері көп. Ол ақын да, аудармашы, журналист те болды. Қазақ поэзиясында қыз-келіншектердің қалам тартып жүрген аз ғана шоғыры бар. Солардың қатарында менің Марфуғам», - дейді қонақ.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу